“Балаға ашуын шығаруға мүмкіндік берген жөн”. Бала абьюзер болып өспеуі үшін не істеу қажет?

Казахстан прямые инвестиции

Абьюзер адаммен бірге өмір сүру айтарлықтай қиын. Өйткені ол өзге адамның бостандығын шектейді, психологиялық тұрғыдан қыспаққа алады, тіпті ұрып-соғуы да мүмкін. Ал заманауи қоғамда физикалық зорлық-зомбылықпен күреске аса назар аударылып, заң жүйесіне тиісті өзгерістер енгізіліп жатыр. Сондықтан перзентіңіздің жақсы адам болуы және жарқын болашағы үшін онымен бала кезінен бастап жұмыс істеу керек. Осыған байланысты балалар психологы, монтессори-тәрбиеші Гүлсая Берікқызы Massaget.kz тілшісі баланың абьюзер болып өспеуі үшін не істеу керегін түсіндірді.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Психологтың айтуынша, абьюзер адам кез келген отбасыдан тәрбиеленіп шығуы мүмкін. Яғни отбасының кедей, бай, ауқатты, отбасы мүшелерінің білімді болуы, баланың қандай болатынына әсер етпейді. Отбасы бай, ата-анасы тәрбиелі, өнегелі адамдар болса, оның баласы абьюзер болмайды деген қағида жоқ. Бай, көпті көрген отбасыдан абьюзер, ал қаржылық қиындықтары бар, ата-анасы ішкілікке салынған отбасыдан мейірімді бала шыға алады. Отбасы қандай болса да, ата-ананың бірі абьюзер болса, ол қасиет баланың бойында да байқалады.

Дополнительный заработок Казахстан

“Абьюзивті ата-ана дегеніміз ата-ана немесе олардың бірі өзі байқамай, балаға эмоционалды зорлық-зомбылықтың нәзік әдістерін қолдануы. Мысалы, қазақтарда “Ертең өскенде кім боласың? Сол жүресің еден жуып” деп айтып жатады, мұнда құнсыздандыру мен сын бар. Ал “Ана жұрттың баласын қарашы, сабағын да жақсы оқиды, үйдің шаруасын да жасайды. Ал сенің қолыңнан дым келмейді” деген сөзден салыстыру байқалады”, – деді ол.

Ата-ананың көзқарасы баланың дамуына тікелей әсер етеді. Көзқарас әдетте оң және теріс болады. Әрине, ешбір ата-ана перзентіне жамандық ойламайды, алайда кейде олар өздері байқамай, балаға қарапайым сөзі арқылы теріс әсер етеді. Мысалы, сен ең ақылдысың, әдемісің, пысықсың деп мақтаған сайын баланың өзін-өзі бағалауы жоғарылайды.

“Ата-ана баланы емес, алдымен өзін тәрбиелеуі қажет”

Сондай-ақ, Гүлсая Берікқызы ата-ана баладан бұрын өзін тәрбиелеуі керегін айтты.

“Мен ата-аналарға әрдайым баланы емес, алдымен өздерін тәрбиелеуді ұсынамын. Өйткені отбасыда еркек әйеліне қол көтеріп, зорлық-зомбылықтың түрлерін көрсететін болса, балаға “қыздарды қорғау керек, олар нәзік, оларды сыйлап, құрметтеу керек” деп айтудың пайдасы болмайды. Немесе керісінше, егер анасы ұлдарының көзінше қызына дауыс көтеріп, дұрыс қарамайтын болса, бұл да ұл тәрбиесінде оң нәтиже бермейді. Қазақтарда анасы қызына “қолыңнан түк келмейді, оқымағансың, ақылың жоқ, сені кім тұрмысқа алады” деп төмендетіп жатады. Бұл дұрыс емес. Бала ата-анасының іс-әрекетін қайталайтынын ұмытпаған жөн”, – деді ол.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

  Исполнение поручения Президента: обсужден план развития Актау